2020 жылғы 27 ақпанда Түрікменстан СІМ-нің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының Елшісі Е.Сапиевтің СІМ Халықаралық қатынастар институтының студенттеріне арналған дәрісі өтті. Елші болашақ дипломаттарды таяуда өткен Түрікменстанның дипломатиялық қызметкерлері күнімен құттықтады.
Ағымдағы жылы Түрікменстан тұрақты бейтараптығының 25 жылдық мерейтойын кеңінен атап өтілетінін ескере отырып, Е.Сәпиев ел бейтараптығының саяси-құқықтық мәртебесінің әртүрлі оң аспектілері туралы айтты. Түрікменстанның сыртқы саяси стратегиясындағы энергетикалық, көліктік және су дипломатиясының маңызды рөлі атап өтілді.
Елші Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективалары туралы өз пікірімен бөлісті. Студенттер Қазақстан мен Түрікменстанда жоспарланған Шығыстың көрнекті философы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150-жылдығына және қазақтың ұлы ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралармен танысты. Жастар Елшіліктің 2020 жылға арналған барлық мәдени-ағартушылық іс-шараларына белсенді қатысуға шақырылды.
Кездесу соңында Елші түрікмен студенттерінің сұрақтарына жауап берді.