
2020 жылғы 24 ақпанда Ашғабатта Қазақстанның Елшісі Е.Сәпиевтің Түрікменстанның Білім министрі М.Гельдыниязовпен және Мәдениет министрі А.Шамурадовпен кездесулері өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы білім және ғылым саласында ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, білім беруді цифрландыру, тәжірибе, оқытушылар мен студенттермен алмасу, мектеп және студенттік халықаралық олимпиадаларға қатысу, екі елдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары арасында жеке келісімдерді жасасу мәселелері қарастырылды.
Тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы Қазақстан-түрікмен қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға қатысты пікірлер мен ұсыныстармен алмасты. Атап айтқанда, ағымдағы жылы екіжақты мәдени іс-шараларды, соның ішінде Қазақстандағы Түрікменстанның мәдениет күндерін өткізу, Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы мәдени ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын кеңейту, сондай-ақ мәдениет саласындағы ықтимал бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Елші Е.Сәпиев Министрлерді Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеуге орай 2020 жылға жоспарланған мерейтойлық мемлекеттік іс-шаралар туралы хабардар етті. Министрлерді және бірқатар түрікмен ғалымдарын әл-Фараби мен Абай мұрасының тақырыбы бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумдарға қатысуға шақырылды.