2020 жылғы 20 ақпанда Ашғабатта Қазақстанның Елшісі Е.Сәпиев Түрікменстанның мемлекеттік пен жеке БАҚ және шетелдік баспасөз өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
«Дөңгелек үстел» барысында журналистер Қазақстан Республикасында 2020 жылы жоғары мемлекеттік деңгейде мерекеленетін аса көрнекті шығыс философы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, сондай-ақ, қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мерекелік іс-шаралары туралы хабардар болды.
Қазіргі заманда аталған екі ұлы тұлғаның шығармашылық мұрасының үлкен маңызын атап өтілді. Осыған байланысты, Елші мерекелік іс-шаралар шеңберінде 2020 жылғы 30 наурыз – 7 сәуір аралығында Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Иран аумақтары арқылы жоспарланған «Әбу Насыр әл-Фараби ізімен» халықаралық ғылыми экспедициясы өтетінін хабарлады.
Экспедицияның Түрікменстанда болуы кезеңінде қазақстандық ғалымдар әл-Фарабидің өмір сүрген, білім алған және жұмыс істеген ежелгі Мервтің тарихи объектілеріне барады. Келесі күнде Ашғабатта «әл-Фарабидің ізімен: Мерв» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастыру жоспарлануда. Аталған конференцияға БАҚ, дипломатиялық корпус, шығармашылық пен ғылыми зиялылардың өкілдері қатысады.
Сонымен қатар, журналистер Елшіліктің 2020 жылында жоспарланған іс-шаралармен таныстырды. Олардың ішінде тақырыптық кездесулер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, кино күндері және басқа да іс-шаралар.
Елші Е.Сәпиев Түрікменстанның қоғамдық және ғылыми қайраткерлерін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.