
2020 жылғы 5 ақпанда Қазақстанның Елшісі Е.Сәпиев Ашхабад қаласында тұратын қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесті.
Қездесу барысында Е.Сәпиев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген сыртқы саяси бастамалар мен табыстар туралы, қазақ ақыны және ағартушы Абайдың 175 жылдығын, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығын, Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын мерекелеу туралы хабардар етті, сондай-ақ, Қазақстанның ақындарының поэтикалық шығармаларының жинағын табыс етті.