Қазақстан Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысты

Қазақстан Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысты

2022 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстанның елордасы Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өз жұмысын бастады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашылу рәсімінде сөз сөйледі.
Съездің негізгі тақырыбы «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі» деп айқындалған.
VII Съез қарсаңында, 13 қыркүйекте Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Хатшылығының меңгерушісі Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Съез Хатшылығының ХХ отырысы өтті.
Рим Папасы Франциск, әл-Азһардың жоғарғы имамы шейх Ахмед ат-Тайеб, Израильдің ашкенази раввині Давид Лаудың сапары биылғы діни форумның ерекшелігі болып табылады.
Съез жұмысына Түрікменстанның Бас мүфтиі Ялқап Ходжагулыев бастаған Түрікменстан делегациясының алғаш рет қатысуы да ерекше.
Конгресс аясында бірқатар өзекті тақырыптық блоктар қарастырылып, олар форумның секциялық отырыстары форматына енгізілді.
Съезге әлемнің 50 елінен 108 делегация қатысуда, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизмнің әлемдік және дәстүрлі діндерінің рухани жетекшілері, сондай-ақ саяси және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың, сарапшылық қауымдастықтың өкілдері.
Қазақстан астанасына көптеген өкілдер мен шетелдік БАҚ келді. Ресми мәлімет бойынша, 200-ге жуық шетелдік журналис тіркелген, оның ішінде Euronews, BBC, CNN, Bloomberg, Al Jazeera және т.б. өкілдері бар.
Іс-шара соңында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысушылар 35 тармақтан тұратын қорытынды декларация қабылдады. Декларация VII Съез делегаттарының көпшілігімен қабылданды және билік органдарына, саяси көшбасшыларға, дүние жүзінің дін қайраткерлеріне, тиісті өңірлік және халықаралық ұйымдарға, азаматтық қоғам институттарына, сондай-ақ діни бірлестіктер мен жетекші сарапшыларға жіберілетін болады.