Әлем қазақтарын «Қасиетті Қазақ Елі» халықаралық өнер фестиваліне шақырамыз

Әлем қазақтарын «Қасиетті Қазақ Елі» халықаралық өнер фестиваліне шақырамыз

Фестиваль 2022 жылғы 11-12 тамыз аралығында Тараз қаласында өтеді. Фестивальде 4 номинация бойынша конкурс ұйымдастырылатын болады:
- мүшайра;
- терме мен күй;
- халықтық-қолданбалы өнер;
- вокал (дәстүрлі ән салу).
Фестивальдің талаптары мен қатысуға өтініштер қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 1 наурыздан, 30 маусым дейін.
Фестивальге 16 және одан жоғары жастағы шетелде тұратын қазақ диаспорасының өкілдері мен этникалық қазақтар және әлі азаматтық алып үлгермеген қандастар қатысады.
Ұйымдастырушылардың мекенжайлары мен байланыс телефондары: «Отандастар қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1-үй, 711-кеңсе. Байланыс тел.: 8 (7172) 23-59-44, 8-775-777-20-77 Email: alem_kazak92@mail.ru info@oq.gov.kz