
Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 миллион 734 мың 642 адамды құрады.
2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық дауыс беруге 7 миллион 985 мың 769 адам немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың 68,05 пайызы қатысты.
Осылайша, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес референдум өтті деп есептеледі.
Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің жанынан 2022 жылғы 5 маусымда Ашғабат уақыты бойынша сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеген №266 референдум учаскесі де ұйымдастырылды. Учаскеде Қазақстан Республикасы азаматтарының тізімінде тіркелген 36 адамның 35-і дауыс берді.