Қазақстан Республикасының Президенті мен Түрікменстан Президентінің телефон арқылы сөйлесуі

Қазақстан Республикасының Президенті мен Түрікменстан Президентінің телефон арқылы сөйлесуі

2022 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедов телефон арқылы сөйлесті.

Түрікменстан басшысы Қ.Тоқаевты туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, жеке бақыт пен құт-береке, сондай-ақ бауырлас қазақ халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі.

«Сіздің дана басшылығыңызбен бүгінде Қазақстан Республикасы қоғамның барлық салаларында көрнекті табыстарға қол жеткізіп, әлемдегі беделін дәйекті түрде нығайтып, прогресс пен өркендеу жолымен сенімді түрде жүріп келеді», - деді С.Бердымухамедов.

Орнатылған екіжақты әріптестіктің қол жеткізген жоғары деңгейін қанағаттанушылықпен айта келе, Түрікменстан Президенті Қазақстан басшысының елдеріміз арасындағы стратегиялық және тату көршілік қарым-қатынастарды дамытуға жеке көңіл бөліп отырғанын ерекше атап өтті.

«Біз Сіздің сенімді және шынайы көзқарасыңызды жоғары бағалай отырып, өз кезегінде екіжақты және көпжақты форматтағы көпқырлы диалогты ілгерілетуге жан-жақты үлес қосып, мемлекетаралық байланыстарды тереңдетуге ұмтылысымызды қуаттаймыз», - деді С.Бердымухамедов.

Сұхбат барысында Қазақстан мен Түрікменстанның барлық негізгі салаларда табысты ынтымақтастығы атап өтілді. Тату көрші мемлекеттер арасында белсенді саяси диалог, оның ішінде министрліктер мен ведомстволар арасындағы өзара іс-қимыл орнатылды.

Екіжақты сауда-экономикалық байланыстар қарқынды дамып, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық ойдағыдай кеңейіп нығаюда, парламентаралық байланыстар жандана түсуде.

Қазақстан мен Түрікменстан басшылары нәтижелі мемлекетаралық диалогты одан әрі жандандыруға тараптардың өзара назарын қуаттай отырып, бірлескен күш-жігердің арқасында халықтарымызды байланыстырып келе жатқан сындарлы серіктестік, дәстүрлі достық пен ежелден екі елдің мүддесі үшін қалыптасқан тату көршілік қарым-қатынастар одан әрі тұрақты дамып, нығая беретініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесу соңында Президент С.Бердымухамедов Президент Қ.Тоқаевты туған күнімен тағы да шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, таусылмас күш пен қуат, сондай-ақ бақыт пен мемлекеттік және қоғамдық қызметте табыс тіледі, ал бауырлас Қазақстан халқына - өркендеуі тіледі.