
2022 жылғы 29 наурызда Алматыдағы Достық үйінде Парламентаралық Ассамблеяның 30-жылдығына арналған ТМД ПАА Кеңесінің салтанатты отырысы өтті.
Делегация басшылары мемлекет басшыларының ТМД ПАА Кеңесінің салтанатты отырысына қатысушыларға құттықтауын жеткізді. Ассамблея әлемнің парламентаралық ұйымдары арасында лайықты орын алып, Достастық елдері халықтары арасындағы өзара іс-қимылды, достық пен сенімді нығайтуға маңызды үлес қосып отырғаны атап өтілді.
ТМД Атқару комитеті төрағасының орынбасары Ильхом Нематов жиналғандарды атаулы датамен ТМД Атқару комитеті атынан құттықтады.
«Алматы қаласы біздің Достастық үшін шын мәнінде тарихи қала. Дәл осы жерде 1991 жылы 21 желтоқсанда бұрынғы одақтас республикалардың көпшілігінің қатысуымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы Алматы Декларациясына қол қойылды.
Осыдан 30 жыл бұрын 1992 жылы 27 наурызда дәл осы қалада ТМД Парламентаралық Ассамблеясын құру туралы келісімге қол қойылуы Достастықтың барлық мемлекеттерінің саяси өміріндегі маңызды оқиға болды. Келісім ТМД аясында теңдік және өзара мүдделерді ескеру қағидаттары бойынша парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін берік құқықтық негіз құрады», - деді И.Нематов.
Талқылау қорытындысы бойынша ТМД ПАА Кеңесі «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының 30 жылдығы туралы» мәлімдеме қабылдады. Құжат парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және ТМД елдері арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастардың құқықтық негіздерін нығайтуға бейімділігін растайды.