
Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдад Амреев пен Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередов онлайн форматта екіжақты ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылады.
Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту қажеттігін айтты. Түрікменстанның Түркі мемлекеттері ұйымының бірқатар құрылымдарымен серіктестікке мүдделілігі атап өтілді.
Дипломаттар 2022 жылғы 12 наурызда өтетін Түрікменстан Президенті сайлауын әзірлеу мен өткізу барысын бақылауға қатысу үшін Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушылар миссиясын жіберу мәселесіне ерекше назар аударды.
Сурет ТМ СІМ ресми сайтынан алынған