
2022 жылғы 18 ақпанда Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қатынастар институтында Түрікменстан Дипломатиялық қызметкерлерінің күніне арналған «Диалог – бейбітшілік кепілі» атты ғылыми конференциясы және мерекеге орай мамандандырылған көрме өтті.
Конференция жұмысына Түрікменстанның дипломатиялық қызметінің басшылары мен қызметкерлері, Түрікменстанда аккредиттелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, елдің қоғамдық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ республикалық БАҚ басшылары мен өкілдері қатысты.
Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың елдің дипломатиялық қызметкерлеріне жолдаған құттықтауын оқып шықты.
Шара барысында бірқатар шет мемлекеттердің елшілері, Түрікменстанның Мемлекет, құқық және демократия институтының директоры Я.Нурыев және Халықаралық гуманитарлық ғылымдар және даму университетінің ректоры Э.Айдогдыев сөз сөйледі.
Конференция соңында Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің жас дипмлаоттары және Халықаралық қатынастар институтының түлектеріне Түрікменстан СІМ дипломдарымен марапаттау рәсімі, сондай-ақ мерекелік концерт өтті.
Фото turkmenistan.gov.tm сайтынан алынды