
АШҒАБАТ, 2021 жылғы 14 желтоқсан – Қазақстанның Түрікменстандағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай брифинг өткізді.
Іс-шараға Түрікменстанның бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Ашғабадта тіркелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың баспасөз-атташелері қатысты.
Е.Сәпиев өз сөзінде пандемия мен карантиндік шектеулердің жалғасуына байланысты әлемдік экономика үшін әлі де қиын болған 2021 жылы Қазақстан экономикасы тұрақты даму қарқынын сақтағанын атап өтті – ү.ж. он айының қорытындысы бойынша елдің жалпы ішкі өнімі 3,5%-ға өсті. Дипломаттың айтуынша, нақты секторда да өндірістің тұрақты өсімі сақталды.
Е.Сәпиев Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің, атап айтқанда, Түрікменстанмен ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан мен Түрікменстан арасында өзара сенім мен тең құқықты ынтымақтастыққа негізделген достық және бауырластық қарым-қатынастар орнады. Қазақстан Түрікменстанмен саяси, сауда-экономикалық, өңіраралық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі.
Сондай-ақ, брифинг қатысушыларыs ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері, конфессияаралық келісімнің заманауи қазақстандық үлгісі, Қазақстанның ядроға қарсы бастамаларымен, сондай-ақ 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін іс-шаралар кестесімен таныстырылды.