Қазақстанның Елшісі Еркебұлан Сәпиев ғылыми-практикалық конференциясында сөз сөйледі

Қазақстанның Елшісі Еркебұлан Сәпиев ғылыми-практикалық конференциясында сөз сөйледі

2021 жылғы 12 тамызда Қазақстанның Елшісі Еркебұлан Сәпиев Каспий теңізі күніне арналған "Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау саласындағы ынтымақтастық" ғылыми-практикалық конференциясында сөз сөйледі.

Іс-шараға Түрікменстанның ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау министрі, Түрікменстанның Каспий теңізі институтының директоры, сондай-ақ болу елінің тиісті министрліктері мен ведомстволарының жетекші мамандары қатысты.

Сонымен қатар, кездесуге Каспий маңындағы елдерінің дипломатиялық миссияларының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Түрікменстанда жұмыс істейтін халықаралық ұйымдардың мамандары қатысты.