Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 12 тамызы - Түрікмен тарапының бастамасы бойынша Қазақстан 
Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары
- Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қазақ-түрікмен стратегиялық
әріптестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Ү.ж. 6 тамызда Түрікменбашы
қаласында өткен Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуі
барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша өзара іс-қимылға ерекше
назар аударылды. Тараптар жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.