
Ташкент, 2021 жылдың 16 шілдесі - Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының
сыртқы істер министрлерінің C5+1 форматы шеңберінде кезекті кездесуі өтті. Бекітілген күн тәртібі шеңберінде тараптар экономикалық ынтымақтастық пен өңірлік
қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады. COVID-19 пандемиясының салдарын еңсеру және
экономикалық белсенділікті қалпына келтіру жөніндегі бірлескен шаралары қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша Орталық Азия мен Ресей сыртқы істер министрлері
Ауғанстандағы жағдайға қатысты Бірлескен мәлімдеме қабылдады.