Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы IT-саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың болашағы

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы IT-саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың болашағы

Ашғабат, 2021 жылғы 31 мамыр – Бүгін Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түрікменстан Экономистер одағының Төрағасы Юрий Аронскиймен, сондай-ақ «Iş Nokady», «Ynamly Tor» және «Akylly Tilsimat» түрікмен IT-компанияларының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар IT-саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, экономиканың түрлі салаларында инновацияларды енгізу, электрондық үкіметті құру және цифрлық реформалар саласындағы қазақстандық тәжірибе сөз болды.

Сонымен қатар, бірлескен кәсіпорындар құру және Қазақстан мен Түрікменстанның бизнес және ІТ-компаниялары арасында серіктестік қатынастарды дамыту мүмкіндігі туралы сындарлы пікір алмасу орын алды.