
АШҒАБАТ, 2021 жылғы 22 мамыр – Бүгін Халықаралық қатынастар институтында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовтың «Ақ қала Ашхабад» орыс тілінде шыққан кітабының ресми тұсаукесері өтті. Мемлекет басшысының кітабы 25 мамырда атап өтетін елорда Ашхабадтың 140-жылдық мерейтойына арналған.
Салтанатты шараға Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Ашхабадта тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, елдің жоғары оқу орындарының ректорлары, Институт студенттері қатысты.
Өз сөзінде Р.Мередов ежелгі қаланың тарихы, оның жетістіктері, Түрікменстанның қазіргі сыртқы саясатындағы маңызы мен рөлі туралы айтты. Сонымен қатар, Түрікменстан СІМ басшысы шет мемлекеттердің Елшілеріне әрдайым қолдау көрсетіп отыратын және әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті Ашхабадтың бауырлас қалаларына алғыс білдірді. Олардың ішінде Нұр-Сұлтан, Ташкент, Бішкек, Душанбе, Анкара, Киев, Альбукерке қалалары және т.б.
Тұсаукесер шеңберінде Елші Е.Сәпиев түркімен бұқаралық ақпарат құралдарына берген құттықтау сұхбатында түрікмен халқы мен астаналықтарды келе жатқан Ашхабад мерейтойымен құттықтап, бауырлас халыққа зор денсаулық, құт-береке мен өркендеу тіледі.
Сурет "Orient" Ақпараттық порталынан