«Жұлдызай-21» халықаралық фестивалі туралы

«Жұлдызай-21» халықаралық фестивалі туралы

«BI-Жұлдызай» корпоративтік қоры қазақстандық және шетелдік мүмкіндіктері шектеулі дарынды балаларға арналған «Жұлдызай-21» халықаралық онлайн фестиваль-байқауды өткізуде.

Фестиваль-байқауға 10-18 жас аралығындағы балалар вокал, хореография, аспаптарда ойнау, ишарамен ән айту сияқты 4 номинация бойынша қатысады. Конкурс жеңімпаздары 2021 жылғы 10-30 мамыр аралығында «Балдәурен» республикалық оқу орталығында (Бурабай курорты) өтетін гала-концерт барысында марапатталатын болады.

Байқау туралы толық ақпарат фестивальдің ресми сайтында – https://juldizai.kz/kk/project/festivalzhyldyzaj/.