
Ашхабад, 2021 жылғы 15 сәуір – Бүгін Ашхабадта Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің төрағалығымен «Бейбітшілік пен сенім үшін тәуелсіз және тұрақты бейтарап Түркіменстанның халықаралық ынтымақтастығы» атты халықаралық конференциясы өтті.
Іс-шараға Түрікменстан Министрлер кабинетінің мүшелері, Ашхабадта тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.
Халықаралық конференцияның алдында Мемлекет басшысы құрылысы жақында аяқталған Түрікменстанның конгресс орталығы мен Түрікменстанның қабылдау орталығының жаңа ғимараттарының ашылу салтанатына қатысты.
Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев осы маңызды оқиғаға, сондай-ақ алдағы мамыр айында Ашхабад қаласының 140-жылдығына орай өзінің құттықтау сұхбатында ел азаматтары мен басшылығын шын жүректен құттықтап, бауырлас Түрікменстан халқына құт-береке мен өркендеу тіледі.