Балқан уәлаятының Хякимімен кездесу

Балқан уәлаятының Хякимімен кездесу

АШҒАБАТ, 2021 жылғы 3 сәуір – Бүгін Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түрікменстанның Балқан уәлаятының Хякимі Танрыгулы Атахаллыевпен бейнеконференция форматында кездесу өткізді.

Өңіраралық өзара іс-қимылды, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы жеткізілетін тауарлар ауқымын кеңейту, сондай-ақ екі елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесу нәтижесінде жақын арада Маңғыстау облысы мен Балқан уәлаяты басшылығының онлайн-кездесуін өткізу, өңірлер арасындағы ынтымақтастықтың «Жол картасына», сондай-ақ Ақтау мен Түрікменбашы порттары арасындағы контейнерлік қатынасты ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.