Ашғабат, 2021 жылғы 22 наурыз – 22 наурызда, күн мен түннің теңелген күні, Қазақстан Елшілігінде дәстүрлі Наурыз мейрамы мерекесіне орай бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Мерекеге Ашхабадтағы және Түрікменстанның түрлі уәлаяттарындағы қазақ диаспорасының өкілдері, Елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері қатысты.
Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев бұл жарқын мереке дәстүрлі түрде табиғаттың жаңаруы мен жаңа өмірдің басталуының белгісі болып табылатынын атап өтті. Бұл күні адамдар бір-біріне бар жақсылық тілеп, жылы тілектер білдіреді. Е.Сәпиев Қазақстан халқының, сондай-ақ шетелдегі қазақ диаспорасының бірлігі мен ынтымақтастығын атап өтіп, барлығына құт-береке және өркендеу тіледі.
Мереке аясында сүйемелдеуімен домбыра ұлттық күйлер, қазақ әндер орындалды, қонақтар атпен серуендеуге, қазақтың «асық ату» және «арқан тартыс» ұлттық ойындарын ойнады.