
Ашғабат, 2021 жылғы 10 наурыз – Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің Юлдуз Джумабаеваны ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионатының алтын медалімен марапаттау рәсіміне қатысты.
Салтанат Ашғабат олимпиадалық қалашығының жекпе-жек кешенінде өтті.
Бұған дейін 45 келіге дейінгі категориядағы 2018 жылғы чемпионаттың алтынын Таиланд өкілі Т.Сукхароен жеңіп алған болатын. Алайда, спортшының допингке қарсы ережелерін бұзғаны анықталғаннан кейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (ХААФ) жарыс нәтижелерін қайта қарады. Осылай, екінші орынға ие болған түрікмен ауыр атлеті аралас есепте 179 килограмм (104 келі және 75 келі) көтеріп, жеңімпаз атанды.
Г.Бердімұхамедов Ю.Джумабаеваға ХААФ атынан алтын медаль, сондай-ақ Түрікменстан Президентінің атынан Lexus 570 Sport Plus автокөлігін тапсырды.