Түрікменстан қазақтары аман-есен Қазақстанға оралды

Түрікменстан қазақтары аман-есен Қазақстанға оралды

Түрікменбашы, 2021 жылғы 26 ақпан – Қазақстан мен Түрікменстан сыртқы саяси ведомстволарының, сондай-ақ екі елдің бірқатар мемлекеттік органдарының қолдауымен Түрікменстанның этникалық қазақтары тарихи отанына оралды.

153 адам Түрікменбашыдан Ақтауға “Солтүстік-Оңтүстік” көлік дәлізінің маңызды құрамдас бөлігі және үш ел мен халықтар арасындағы достық пен тату көршіліктің жолы болып табылатын Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржолының бойымен келді.