Қазақстан Елшісі Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылының ресми ашылуына қатысты

Қазақстан Елшісі Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылының ресми ашылуына қатысты

АШҒАБАТ, 2021 жылғы 29 қаңтар – Халықаралық қатынастар институтында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің бастамасы негізінде БҰҰ Бас Ассамблеясының Қарарымен жарияланған Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты рәсімге Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Ашхабадта аккредиттелінген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың басшылары, Мәжіліс депутаттары, жергілікті жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

Жиында халықаралық ұйымдар мен БҰҰ институттарының басшылары, БҰҰ жанындағы Түрікменстанның және көршілес мемлекеттердің тұрақты өкілдері бейнеконференцбайланыс арқылы сөз сөйледі.