
АШҒАБАТ, 2021 жылғы 22 қаңтар – Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түрікменстандағы қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында отандастар күнделікті өмірдегі жаңалықтармен бөлісіп, оларды мазалайтын өзекті мәселелерді талқылады. Елшілік бөліп отыратын назар мен қолдау үшін өз ризашылығын білдірді.
Е.Сәпиев қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Сондай-ақ, қазақ диаспорасының өкілдері қазақтың ұлы ақыны, философ Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойын атап өтуіне қосқан үлесі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың алғыс хаттарымен марапатталды.
Кедесу соңында Р.Сүлейменовтің «Үйге қайтар жол» драматикалық фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.