Ашғабаттағы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады

Ашғабаттағы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады

Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігі жанындағы №266 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес, дауыс беру Ашғабат уақытымен 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілді.

Елшілік қызметкерлері ашық және әділ сайлау өткізуді, сайлау учаскесінің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ ҚР азаматтарының қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін жұмсады. Дауыс беру кезінде Covid-19 таралуын болдырмау үшін қатаң санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталды, оның ішінде әрдайым бетперде тағу, қолды антисептикпен дезинфекциялау, дене температурасын өлшеу және әлеуметтік қашықтықты сақтау.