Ашғабатта № 266 сайлау учаскесі жұмысын бастады

Ашғабатта № 266 сайлау учаскесі жұмысын бастады

Бүгін Ашғабат қаласында Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігі жанындағы №266 сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы басталды.

Сайлау учаскесінің жұмысы салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 38-бабының 1-тармақшасына сәйкес сайлау Ашғабат уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Сайлау учаскесіне келгенде сайлаушылар өздерімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алып келуі тиіс.