
АШҒАБАТ, 2021 жылғы 16 қаңтар – Қазақстанның Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түрікменстанның Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған үш инфрақұрылымдық нысанды – Керки (Түрікменстан) – Шиберган (Ауғанстан) бағыты бойынша электр беру желісі, "Акина-Андхой" станциялары арасындағы 30 шақырымдық темір жол учаскесі және Имамназар (Түрікменстан) - Акина (Ауғанстан) және Серхетабат (Түрікменстан) - Тургунди (Ауғанстан) бағыты бойынша оптикалық – талшықты байланыс жүйесі мен транзиттік ағындарды пайдалануға беру бойынша ақпараттық брифингке қатысты.
Іс-шараға Министрлер, Түрікменстанда жұмыс істейтін дипломатиялық миссиялардың және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшылары мен өкілдері, Түрікменстанның жоғары оқу орындарының ректорлары, баспа басылымдарының бас редакторлары, Ұлттық БАҚ өкілдері және Түрікменстанда аккредиттелген шетелдік БАҚ журналистері қатысты. Сондай-ақ, Түрікменстанның шет елдердегі елшілері және әлемнің 15 елінен 30-дан астам шетелдік баспасөз өкілдері бейнеконференция арқылы қатысты.
Түрікменстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы бұл жобаларды Ауғанстанның өңірлік және халықаралық экономикалық процестерге дәйекті қосылуына, құрлықтық көлік-логистикалық байланыстар жүйесіне интеграциялануына бағытталған нақты қадамдар ретінде сипаттады. Іске қосылған нысандарды екіжақты, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары, өңірдегі жалпы геоэкономикалық және саяси жағдайға оң әсер ету тұрғысынан табысты іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.