
денсаулық сақтау министрлігі
БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ |
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
ГЛАВНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ САНИТАРНЫЙ ВРАЧ
|
ҚАУЛЫСЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
____2020 жылғы 4 желтоқсандағы №65___
Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
«серіктесінде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болған жағдайда серіктес босануды жүргізуге рұқсат беруді;».
1) 1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:
ертіп жүретін адамдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама (бұдан әрі – Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, барлық келген адамдар Анықтама ұсынуға міндетті;
Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады;
2) Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:
ертіп жүретін адамдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама (бұдан әрі – Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда, барлық келген адамдар Анықтама ұсынуға міндетті;
Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;»;
2) қаулыға 1 және 6-қосымшалар осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері Е. Қиясов
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 65 қаулысына
қосымша
«Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 23 қазандағы
№ 59 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 23 қазандағы
№ 59 қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттеріндегі шектеу шаралары
Анықтама болмаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша екіжақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін материал алынғаннан кейін межелі жеріне дейін маршруты бойынша жол жүруді жалғастырады. Келген адамнан COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі алынған кезде мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік пунктке іссапарға жіберілген санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманы COVID-19-ға оң нәтиже туралы ақпаратты сол уақытта келген адам сауалнамада көрсеткен маршрут парағына сәйкес аумағында болатын облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет департаментіне береді. Сол уақытта келген адам аумағында болатын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманы денсаулық сақтау басқармасына (бұдан әрі – ДСБ) және келген адамға COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі туралы хабарлайды. ДСБ келген адамды медициналық тексеруді қамтамасыз етеді, COVID-19 белгілері болған кезде оны инфекциялық стационарға жатқызу қажеттігі туралы шешім қабылдайды. COVID-19 белгілері болмаған кезде оған COVID-19 ықтимал симптомдары туралы және межелі жерге келгеннен кейін МСАК ұйымына жүгіну және COVID-19-ға тексерудің оң нәтижесі туралы хабардар ету қажеттігі туралы түсіндіреді. ДСБ осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес тиісті қолхатты алады. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет департаменті және ДСБ келген адамның межелі жеріндегі ДСБ-ға COVID-19-ға тексерудің оң нәтижесі бар адамның жол жүргені туралы хабарлайды.
Анықтаманың болуына қарамастан, дене температурасы жоғары келген адамдар инфекциялық стационарға оқшаулауға жатады.
COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижемен келген адамдарға осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.
COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесімен келген адамдар инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылады.».