
АШҒАБАТ, 2020 жылғы 10 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Елшілікте мемлекеттік мерекеге арналған шахмат жарысы өтті. Оған қазақ диаспорасының өкілдері, Елшіліктің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері қатысты.
Жарыс екі санатта – балалар мен ересектер арасында өтті. Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабымен марапатталды.