«G-Global. ХХІ ғасырдағы әлем» Халықаралық онлайн-Конгресі өз жұмысын бастайды

«G-Global. ХХІ ғасырдағы әлем» Халықаралық онлайн-Конгресі өз жұмысын бастайды

НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 18 қараша – G-Global Халықаралық хатшылығы «ForteBank» АҚ қолдауымен 2020 жылдың 18-20 қараша аралығында «G-Global. ХХІ ғасырдағы әлем» тақырыбында Халықаралық онлайн-Конгресін өткізеді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылып, Н.Ә.Назарбаевтың «G-Global» жобасын БҰҰ платформасына шығару және оны әлемдік мұра ретінде институттандыру бойынша бастамасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылады.

Іс-шараны ЮНКТАД, ECOSOC, «Мадрид клубы» Әлемдік Көшбасшылар альянсі, BBC World News, Жаңартылған Бреттон-Вудс комитеті және басқалары бірлесіп ұйымдастырады.

Конгресске бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық қаржы ұйымдарының және ірі бизнестің басшылары, жаһандық сарапшылар мен әлемдік деңгейдегі тәжірибешілдер, Нобель сыйлығының лауреаттары және басқалары қатысады. Конгресс тұрақты экономикалық және сауда өсуінің, қаржылық дамудың, сондай-ақ білім мен инновацияның халықаралық орталықтары ретінде қалалардың әлеуетін күшейтудің жаңа жолдарын қарастырады.

Сонымен қатар, жетекші сарапшылардан заманауи жағдайларда жаңа сын-қатерлерге қарсы тұру бойынша ұсыныстар қалыптастырылатын болады.

Жалпы, Конгресс шеңберінде төрт тілде – қазақ, орыс, ағылшын, қытай 7 онлайн іс-шара өтеді. Ниет білдірген адамдар келесі сілтемелер арқылы қатыса алады (сессияның басталу уақыты Нұр-Сұлтан қ. уақытына сәйкес келетін UTC +6 форматында көрсетілген):

  1. «Блокчейн: «Бір белдеу – бір жол» жобасын жүзеге асырудың тиімді әдісі» онлайн-форумы, 18 қараша сағат 14:00.

https://e-forum.net/events/39

  1. «Жаһандық Жібек Жолы – Қалалар мэрлерінің форумы» халықаралық форумы, 18 қараша сағат 16:00.

https://e-forum.net/events/40

  1. Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция (I-бөлім) «Экономика. Сауда. Инвестициялар», 18 қараша сағат 18:10.

https://e-forum.net/events/41

  1. G-Global. Үлкен Еуразия, 18 қараша, сағат 20:10.

https://e-forum.net/events/42

  1. Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция (II-бөлім) «Қаржы саясаты және қазіргі заманғы жағдайдағы тұрақты өсу стратегиясы», 19 қараша сағат 18:00.

https://e-forum.net/events/43

  1. «G-Global. ХХІ ғасырдағы әлем» пленарлық отырысы, 19 қараша, сағат 19:30.

https://e-forum.net/events/44

  1. Жаһандық университеттер конгрессі, 20 қараша, сағат 16.00.

https://e-forum.net/events/45