Қазақстан Елшісі Түркіменстанның жоғары оқу орындары студенттерінің алдында сөз сөйледі

Қазақстан Елшісі Түркіменстанның жоғары оқу орындары студенттерінің алдында сөз сөйледі

АШҒАБАТ, 2020 жылғы 16 қараша – Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев Халықаралық гуманитарлық ғылым және даму университеті мен Түрікменстанның инженерлік-техникалық және көлік коммуникациялары институтының студенттеріне Түрікменстан тұрақты бейтараптылығының
25-жылдық мерейтойына арналған онлайн-дәріс оқыды.

Қазақстан Елшісі кездесу қатысушыларына қазақстан-түрікмен екіжақты күн тәртібінің қазіргі жағдайы туралы егжей-тегжей айтып, қарым-қатынастардың сенімді, тату көршілік сипатын атап өтті.

Онлайн-дәріс аясында Е.Сәпиев іс-шараға қатысушылармен пікірталасқа да қатысып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.