Парламент сайлауы-2021

Парламент сайлауы-2021

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2021 жылғы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігі жанындағы № 266 сайлау учаскесінде

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының

кезекті сайлауында дауыс беру өтеді.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.

Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің жанындағы № 266 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Түрікменстан аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (Аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) ashgabat@mfa.kz электрондық мекенжайға «Сайлау-2021» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:

+993 614-81-764;

+993 613-32-409.