
АШҒАБАТ, 2020 жылғы 6 қараша – Бүгін Елшілік ғимаратында Түрікменстандағы қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесу өтті.
Отандастар күнделікті өмірдегі жаңалықтармен бөлісіп, өзекті мәселелер сөз болды. Елшіліктің консулдық бөліміне көңіл бөліп, қолдау көрсетіп жүргені үшін ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында диаспора өкілдеріне шетелде тұратын қандастарымыз үшін құрылған «El.kz» ақпараттық-танмдық порталы ұсынылды.
Пікірталас қатысушыларына сайттың мүмкіндіктері егжей-тегжейлі көрсетіліп, онда Қазақстан мәдениетімен танысуға, тарихи Отанның соңғы жаңалықтарын білуге, медиагалереядағы аудио және бейне файлдармен және қызықты инфографикалармен танысуға, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы туралы ақпарат алуға болады.
Сонымен қатар, биыл қазақтың ұлы ақыны, философы Абай Құнанбаевтың 175-жылдығы мен көрнекті қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 90-жылдығын мерекелеу аясында диаспора өкілдеріне композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы шағын деректі фильм «Өмір жолы» паш етіліп, сондай-ақ «Құнанбай» драматикалық көркем фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.