
АШҒАБАТ, 2020 жылғы 28 қазан – Түрікменстанның тұрақты бейтараптылығының 25-жылдығына орайластырылған «Түрікменстанның мұнай және газы-2020» (OGT-2020) XXV халықаралық конференциясы бүгін өз жұмысын бастады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, екі күндік форумға бүкіл әлемнің 64 мұнай-газ компаниясы қатысады.
Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев іс-шара қатысушыларына онлайн режимінде қосылды.
Конференцияны Британдық «GaffneyCline» компаниясының қолдауымен «Түркменгаз» және «Түркменнефть» мемлекеттік концерндері «Түркмен форумы» Шаруашылық қоғамымен серіктестікте ұйымдастырды.
Конференцияға 300-ден астам мамандар мен сарапшылар, оның ішінде халықаралық энергетикалық компаниялардың басшылары мен өкілдері қатысады деп күтілуде.
«OGT-2020» – Түрікменстанмен мұнай-газ саласындағы серіктестіктің дамуына және нығаюына ықпал ететін жыл сайынғы бизнес-форум.