Қазақстан мен Түрікменстан екіжақты сауда көлемін ұлғайтуға ниетті

Қазақстан мен Түрікменстан екіжақты сауда көлемін ұлғайтуға ниетті

АШҒАБАТ, 2020 жылғы 28 қазан – Бүгін Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түрікменстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған бейнеконференцияға қатысты.

Іс-шара барысында екіжақты сауда көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің 2020 жылғы қыркүйектегі Ашхабадқа жұмыс сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылуда. Атап айтқанда, Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы шекара маңындағы сауда аймағын ашудың болашағы атап өтілді.