UNICEF-тің Түрікменстанмен ынтымақтастығының жаңа елдік бағдарламасының тұсаукесері өтті

UNICEF-тің Түрікменстанмен ынтымақтастығының жаңа елдік бағдарламасының тұсаукесері өтті

АШҒАБАТ, 2020 жылғы 27 қазан – Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев бейнеконференция форматында БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) Түрікменстанмен 2021-2025 жылдарға арналған ынтымақтастықтың жаңа елдік бағдарламасының тұсаукесеріне қатысты.

Қор мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы ынтымақтастықтың жаңа алтыншы бағдарламасы UNICEF Атқарушы кеңесімен 2020 жылдың қыркүйегінде мақұлданды. Ол төрт бағыт бойынша нақты мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған: балалардың мүдделері үшін басқару; баланың денсаулығы, тамақтануы және ерте дамуы; балаларды әлеуметтік қорғау және қорғау; сапалы инклюзивті білім беру.

Бағдарлама 5 жылға болжамдалған, оның бюджеті шамамен 7,5 млн. АҚШ долл. құрайды.

Онлайн-сессия барысында тұсаукесер қатысушылары «Көптеген көрсеткіштер бойынша кластерлік зерттеу» (Multiple Indicator Cluster Surveys, немесе MICS) деп аталатын соңғы турдың маңызды сәттері туралы хабардар болды.

MICS – балалар мен әйелдердің жағдайын бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіштерді жинауға арналған үй шаруашылығын халықаралық зерттеу бағдарламасы. MICS-тің 2019 жылға арналған есебі UNICEF-тің Түрікменстанның Мемлекеттік статистика комитетімен ұзақ мерзімді ынтымақтастығының маңызды кезеңі болып табылады. Кейбір деректер Түркіменстанда аймақтық, тіпті жаһандық деңгейде тұңғыш рет жиналған болатын.