
АШҒАБАТ, 2020 жылғы 21 қазан – Бүгін Елші Еркебұлан Сәпиев және Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері Түрікменстан Бейтараптылығының 25-жылдығына және Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-жылдығына орай Түрікменстанның Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған бильярд жарысына қатысты.
Қазақстандық дипломаттармен қатар жарысқа Ашхабадта аккредиттелінген дипломатиялық корпустың өкілдері және Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері қатысты.
Екі күн бойы өтетін жарыс үш тәртіп бойынша өтеді: пирамида, пул және снукер.
Бүгін жеребе негізінде олимпиада жүйесі бойынша түйістіру кездесулері өтті, жарыстың жартылай финалы мен финалы 22 қазанға жоспарланған. Оның қорытындылары бойынша жеңімпаздар марапаттау салтанаты өтеді.