
АШҒАБАТ, 2020 жылғы 19 қазан Бүгін Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев "Uly Ýelken" Шаруашылық қоғамының бас директоры Мыратберди Нұрмырадовпен кездесті.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық және логистика мәселелерін талқылады.
"Uly Ýelken" ШҚ бизнес үшін сауда-логистикалық шешімдерді ұсынады. Сонымен қатар, кәсіпорын карбамид, күкірт, мұнай коксі, полипропилен, полиэтилен және басқа да тауарларды сату және экспорттаумен айналысады.