
АШҒАБАТ, 16 қазан 2020 ж. – Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түрікменстанда сұйықкристалды телевизорлары мен LЕD-шамдардың жетекші өндірушісі болып табылатын "Aýdyň Gijeler" Шаруашылық қоғамында болды.
«Aýdyň Gijeler» бас директоры Хыдырберди Абдурахманов кәсіпорынның тарихы, өндіріс орындары және өнімді жинау циклдары туралы егжей-тегжейлі айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті.
Тараптар «Aýdyň Gijeler» өнімдерін қазақстандық нарыққа жеткізу мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өндірісті ашу мүмкіндігін талқылады.
Сапар барысында Елші Smart TV платформасы бар және IP-тюнерімен жабдықталған телевизорларды жинау үдерісімен танысты. Жақында LCD экраны және 4K UltraHD ажыратымдылығы бар үш модель тұтынушыларға ұсынылатыны атап өтілді: экран диагоналі 32 және 42 дюйм «Tolkun» және диагоналі 55 дюйм «Zemin».
Өндіріс бұрынғы Ашхабадтағы «Туркменкабель» зауытының аумағында құрылды.