Қазақстан мен Түрікменстан теміржол саласындағы ынтымақтастықтың оң динамикасын көрсетуде

Қазақстан мен Түрікменстан теміржол саласындағы ынтымақтастықтың оң динамикасын көрсетуде

АШҒАБАТ, 2020 жылғы 14 қазан – Бүгін Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев «Түрікмендемирёллары» мемлекеттік агенттігінің төрағасы Азат Атамұрадовпен бейнеконференция форматында кездесу өткізді.

Тараптар теміржол тасымалы саласындағы Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастықты егжей-тегжейлі талқылады. Екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін жоғары бағалай отырып, сұхбаттасушылар Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржолының, Қытай-Қазақстан-Түрікменстан-Иран құрлықтық бағдарының мүмкіндіктерін, Иран мен Ауғанстан бағытында контейнерлік тасымалдың дамуын, сондай-ақ Парсы шығанағы елдеріне шығу мүмкіндіктерін талқылады.

Келіссөздер барысында Елші Е.Сәпиев елдеріміз арасындағы жүк тасымалдаудың оң динамикасын атап өтті. Осылай, 2020 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Қазақстан мен Түрікменстан аумағы арқылы жүк тасымалдау көлемі өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 11,9 мың тоннаға өсіп, 847,5 мың тоннаны құрады. Транзиттік тасымалдаулар номенклатурасында қара металлдар, мұнай өнімдері, азық-түлік жүктері, тоқыма өнімдері.

Кездесу барысында тарифтік саясат және преференциялар мәселелері де талқыланды.