Елшіліктің қызметкерлері Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың жаңа кітабының тұсаукесеріне қатысты

Елшіліктің қызметкерлері Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың жаңа кітабының тұсаукесеріне қатысты

АШҒАБАТ, 7 қазан 2020 - Елшіліктің қызметкерлері Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың қытай тілінде жарық көрген «Түрікмендердің рухани әлемі» атты жаңа кітабының тұсаукесеріне қатысты.

Іс-шараға Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Түрікменстанда аккредиттелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшылары, Түрікменстанның жоғары оқу орындарының, ғылыми институттарының басшылары, профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.

«Түрікмендердің рухани әлемі» - бұл гуманизмнің жоғары қағидаттары, адамгершілік, отанға деген адалдық, түрікмен халқына тән ізгілік туралы кітап. Автор ата-бабалар өсиет еткен ілімдерді, нұсқауларды бағалауға және бейбітшілік, жақсылық, бір-біріне қамқорлық жасау арқылы жалпы прогреске ұмтылуға шақырады. Бұл кітапта адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті сақтаудың маңыздылығы туралы да айтылады.