Елшіліктің қызметкерлері медиафорумға қатысты

Елшіліктің қызметкерлері медиафорумға қатысты

2020 жылғы 16 қыркүйекте Елшіліктің қызметкерлері Түрікменстанның тұрақты Бейтараптығының 25 жылдығына және Түрікменстанның БҰҰ Бас Ассамблеясының алдағы 75-ші сессиясының вице-төрағасы болып сайлануына арналған медиафорумға қатысты.

Іс-шараға Түрікменстанның бірқатар ведомстволарының және Түрікменстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшылары, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен өкілдері, беделді шетелдік қоғамдық және телерадио ұйымдарының басшылары, сондай-ақ әлемнің 68 елінен 300-ден астам ақпараттық агенттіктердің тілшілері қатысты.