ҚР-ға жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдеу, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың (жеке жіне заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер) шақыруларын қабылдау және келісу ҚР ішкі істер органдарының құзыретіне жатады («Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы).
Шетелдіктерге шақыру ресімдеу мақсатында шақырушы тарап құжаттарды алдын-ала (ҚР визасын алушылардың ҚР-ға болжамды келу күнінен екі аптадан кешіктірілмей) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінінің аумақтық бөлімшелеріне тапсырады («Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар)).
Шақыруды қарастыру мерзімі – 5 жұмыс күні (жүгінген күннен бастап).
Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келуге шақыру ресімдеу үшін шақырушы тарап тіркелген орны бойынша келесі құжаттарды ҚР ІІМ бөлімшелеріне ұсынады:
Шақыруды ресімдеу үшін заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер тіркелген орны бойынша келесі құжаттарды ҚР ІІМ бөлімшелеріне ұсынады:
Шақыруды ресімдеуге ағымдағы жылы алғашқы рет өтініш білдірген заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер келесі құжаттарды ұсынады:
Қағидаларда қарастырылған жағдайларда, қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін.
5 жұмыс күні өткеннен кейін, шақырушы тарапқа шақыру нөмірі хабарланады. ҚР ІІМ бөлімшелерінде тіркелген нөмір, шақыру күні шақырушы тараппен шетел азаматына беріледі (түпнұсқа немесе шақырудың сканерден өткізілген көшірмесі).
Келісілген нөмірді алғаннан кейін, шетел азаматына ҚР визасн алу үшін ҚР-дың шет елдердегі консулдық мекемелеріне жүгіну керек.
Визаны беру орны виза алушының азаматтығына тиесілі елге және (немесе) тұрғылықты жеріне қатысты консулдық округке сәйкес анықталады.