Қазақстан Республикасына сапармен келуді жоспарлап отырған Түрікменстандағы қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне арналған ақпарат
Қазақстанстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2022 жылы мына: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарына шетелден келетін қандастарды қабылдауға квоталар белгіленген.
Соңғы кезде Түрікменстандағы қандастар арасында Қазақстанға келіп, кейіннен Қазақстанда тұрақты тұру және Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін құжаттарды тапсыру арқылы С10 санатындағы визаны алу (қажетті С1 визасының орнына) фактілері байқалуда.
Бұл процесті реттеу мақсатында қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын ескере отырып, С10 санатындағы визаларға қосымша мәліметтерді енгізу жөнінде шешім қабылданды.
Осыған байланысты 2021 жылдың 1 қаңтары мен 18 шілдесі аралығындағы кезеңде С10 санатындағы визаны алған және қазіргі уақытта Түрікменстан аумағында тұрып жатқан қандастар Қазақстанға келер алдында тиісті консультация алуы үшін міндетті түрде Түрікменстандағы Қазақстан Республикасының консулдық мекемелеріне жүгінуі қажет.
Сонымен бірге, бұл мәселеге қатысты консулдық қызметтердің барлығы тегін көрсетілетінін хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің байланыс ақпараты:
Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігі:
Ашхабад қаласы, Гарашсызлык даңғылы, №11-13
жұмыс тел: + (993) 12 48-04-72
факс: +(993) 12-48-04-75
e-mail: ashgabat@mfa.kz
Консул: Байжанов Нұрлан Сәбитұлы
ұ.т.: + (993) 61 48-17-64
Қазақстан Республикасының Түрікменбашы қаласындағы консулдығы:
Түрікменбашы қаласы, Түрікменбашы, А.Магтымов көшесі, 8
жұмыс тел: +993 24-35-04-49
факс: +993 24-35-06-14
e-mail: consulkztm@mail.ru
Консул: Мәшиков Берик Толепбергенұлы
ұ.т.: + (993) 63 48-81-90
Вице-консул: Бейлов Рустам Құрманғалиұлы
ұ.т.: + (993) 64 77-18-94