Қазақстан мен Түркиядағы мерекелер экологиялық акциямен атап өтілді

Қазақстан мен Түркиядағы мерекелер  экологиялық акциямен атап өтілді

Анталия, 2024 жылғы 1 мамыр – Қазақстанның Анталиядағы Бас консулдығының бастамасымен Қазақстан халқының бірлігі күні және Түркияның Еңбек және ынтымақ күні қалалық жағажайларды қоқыстан тазарту бойынша экологиялық акция өткізілді.

Іс-шара Анталия муниципалитетінің және Қазақстан іскер адамдар қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Акцияға отандастар, қазақстандық студенттер, сондай-ақ Түркия азаматтары мен Орталық Азия мен Кавказ елдері қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Жобаның мақсаты – дүние жүзіндегі табиғатқа қамқорлық пен экологиялық мәселелерді шешудің маңыздылығына назар аудару.

Іс-шараға қатысушыларға арналған алғы сөзінде Бас консул Қуат Қанафеев Қазақстан экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне үлкен мән беретінін атап өтті.

Ол еліміз ТМҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ХАҚҚ төрағасы ретінде қоршаған ортаны қорғау бойынша практикалық шараларды қабылдауға ықпал етіп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Қ.Қанафеев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізу туралы бастамасына назар аударды.

Қалалық жағажайларда сенбілік ұйымдастыру бастамасы Анталия тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді. Олар жыл сайын экологиялық науқанды өткізуге дайын екендігін білдірді.

 

 

1 мамыр – Түркия Республикасында ресми мереке, Еңбек және ынтымақ күні (Emek ve Dayanışma Günü) болып табылады. Бұл күн бірлік, ынтымақ, әділетсіздікпен күрес күні болып саналады.