
Ү.ж. 16 маусымда Қазақстан Республикасының Анталия қаласындағы Бас консулдығы, Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған іс-шара өткізді. Бас консул Қ.Канафеев сөзінде қазақ даласынан шыққан төртінші Мамлюк сұлтанның өмірі мен ерліктері туралы атап өтті. Қонақтарға Сұлтан Бейбарыс жайлы қысқаметражды деректі фильм ұсынылды. Іс-шараға түрік халқының ең ұлы тұлғасының еңбегін жоғары бағалаған іскер және ғылыми топтар өкілдері қатысты.