Қазақстанның жоғары оқу орындарына қош келдіңіз!

Қазақстанның жоғары оқу орындарына қош келдіңіз!

Жыл сайын еліміздің Үкіметі шетелдік азаматтарды оқыту үшін 500-ден астам грант бөледі. Ал кейбір елдер үшін үкіметаралық келісімдер шеңберінде қосымша гранттар бөлінеді.

2023 жылғы 28 сәуірде «Современное образование» журналы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен, Сыртқы істер министрлігімен және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу мәселелері бойынша онлайн-форум өткізеді.

28 сәуір күні сағат 15:00-де (Астана) онлайн-форумда бөлінетін гранттарды қалай алуға болатыны, ізденушілер үшін қандай шарттар мен талаптар қойылатыны туралы сенімді ақпаратты білу, сондай-ақ басқа да өзекті сұрақтарға жауаптарды тыңдау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Сілтеме бойынша тіркелу: https://www.obrazovanie.kz/welcome-to-kazakhstan