Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы Аланиядағы қазақстандықтар қауымдастығымен бірлесіп аталған аумақта тұратын отандастармен кездесу ұйымдастырды

Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы Аланиядағы қазақстандықтар қауымдастығымен бірлесіп аталған аумақта тұратын отандастармен кездесу ұйымдастырды

Ү. ж. 1 ақпанда Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы Аланиядағы қазақстандықтар қауымдастығымен бірлесіп аталған аумақта тұратын отандастармен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында Бас консул Қ.Канафеев Бас консулдықтың негізгі қызметі туралы, мәдени-гуманитарлық саладағы алдағы жоспарлар, оның ішінде Алания қаласында Наурыз мерекесін ұйымдастыру туралы айтты. Консулдық есепке тұру қажеттігіне назар аударды, сондай-ақ алдағы ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау туралы хабардар етіп, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.

Қазақ мәдениеті мен дәстүрін ілгерілету, сондай - ақ Аланиядағы қазақстандықтар қауымдастығын қолдау мақсатында Бас консулдық балаларды халықтық музыка өнеріне үйрету мақсатында ұлттық аспаптар-домбыра сыйға тартты.