
Ү.ж. 13 қантар күні Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулы Қуат Канафеев, Акдениз университетінің ректоры Озкан Озлененмен кездесті. Кездесу барысында тараптар қазақстандық студенттердің мәселелерін, жоғары білім саласындағы ынтымақтастықтың ықтимал перспективаларын, сондай-ақ университетаралық диалогты нығайтуды талқылады. Тығыз байланыстарды сақтап, жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.